«Таңшолпанда» - ақын Ербол Бейілхан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - ақын Ербол Бейілхан

23.03.2016
«Таңшолпанда» - ақын Ербол Бейілхан

Жақында өлеңдерінің аудиодискісін шығарған ақын бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Аудиодиск турасында ақын: «Қазір заманға байланысты халықтың уақыты тығыз. Кейбіреулер үшін кітап оқуға уақыт тапшы. Сол себепті «Біз екеуміз» атты жиырма өлеңім жинақталған аудиодиск шығардық. Бұл диск Қытай, Моңғолия, Ресейдегі қандастарға да жетті»,-дейді.

«Кейде өлеңге сыймайтын дүниелер болады. Соларды прозаға айналдырып, 5-6 дүние жаздым. Ендігі мақсат – алдағы 3-4 жылдың көлемінде прозалар жинағымды шығару. Айта кету керек, ол әңгімелердің көбі орыс тіліне аударылды».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу