«Ұлыс оң болсын!» мерекелік бағдарламасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлыс оң болсын!» мерекелік бағдарламасын көріңіз

22.03.2016
«Ұлыс оң болсын!» мерекелік бағдарламасын көріңіз

Наурыз айы – табиғаттың жаңғырар, біреудің екеу болар, тіршілік атаулының тірлік танытар мерзімі, жыл тоқсанның басы.

Түркітілдес халықтардың жыл санауы бойынша жаңа өмірдің бастауына айналған  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын иісі қазақ жұрты асыға күтері анық.

Бұл күнді қазақ қасиетті мейрам ретінде санап, жақсы әзірлікпен қарсы алған. Бүгін сағат 17:05-те және 18:00-де Ұлттық арна көрермендеріне «Ұлыс оң болсын!» мерекелік бағдарламасын ұсынады.

Хабарламаларға жазылу