«Наурыздағы қарбаласқа» сіз де куә болыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыздағы қарбаласқа» сіз де куә болыңыз!

21.03.2016
«Наурыздағы қарбаласқа» сіз де куә болыңыз!

«Наурыздағы қарбалас» - бір үлкен әулеттің Наурыз мейрамын қарсы алуы жөнінде баяндайтын қызыққа толы жоба. Атасы немересін сол күні сүндетке отырғызуды ұйғарады.

Алайда, бала аяқ астынан жоғалып кетеді. Дегенмен, оқиға сәтті аяқталып,  отбасы мүшелері кең дастарханда бас қосып, мерекенің соңы тойға ұласады.

Сафуан Шәймерден, Жанар Айжанова, Жанатбек Бәйтек, Рамазан Стамғазиев сынды танымал тұлғалар мен эстрада жұлдыздары ойнаған «Наурыздағы қарбаласқа»  бүгін, 16:30-да куә болыңыз.

Хабарламаларға жазылу