Сайлаушылардың белсенділігі осыған дейінгі Парламент сайлауларымен салыстырғанда рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаушылардың белсенділігі осыған дейінгі Парламент сайлауларымен салыстырғанда рекордтық деңгейге жетті

20.03.2016
Сайлаушылардың белсенділігі осыған дейінгі Парламент сайлауларымен  салыстырғанда рекордтық деңгейге жетті

ОСК мәліметтері бойынша, сағат 18-00-дегі мәліметтер бойынша, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  75,16 пайызы  сайлау бюллетеньдерін алды.

«Бұл біздің елде бұрын болған парламенттік сайлаулар үшін рекордтық келу екенін атап өту қажет»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Әзірге сайлаушылардың 92,67 пайызы дауыс берген Алматы облысы мен 78,68 және 78,28 пайыз көрсеткішпен Ақмола және Ақтөбе облыстары алда келеді.

Көштің соңында 32,23 пайызбен Алматы қаласы тұр.

Хабарламаларға жазылу