Н.Назарбаев: Дағдарысты еңсеру үшін дайындығы жоғары және істі білетін депутаттар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Дағдарысты еңсеру үшін дайындығы жоғары және істі білетін депутаттар қажет

20.03.2016
Н.Назарбаев:  Дағдарысты еңсеру үшін дайындығы жоғары және істі білетін депутаттар қажет

«Мәжіліс және жергілікті өкілді билік органдарының бүгінгі сайлауы – Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы өте маңызды кезең. Қазақстанда және әлем бойынша елдің 9 миллионнан астам азаматы 9900-дей сайлау учаскесінде дауыс береді. Кезектен тыс сайлау қазір өміріміздің барлық саласында жаңару жүріп жатқанын сезінген ел Парламентінің бастамасымен өткізіліп отыр. Біз дағдарыс үрдістерін еңсереміз, бұл үшін дайындығы бар және істі білетін жаңа депутаттар қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ел азаматтарының сайлаудағы белсенділігін де атап өтті.

«Бүгін ертеңмен қазақстандықтар отбасыларымен, балаларымен учаскелерге келіп, дауыс беруге белсене қатысуда. Бұл азаматтарымыздың билікке, соның ішінде заң шығарушы билікке деген сенімін білдіреді. Біз бүгін елімізге қажетті Парламентті сайлайтынымызға сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті отандық және шетелдік БАҚ-қа арналған брифингте бірқатар сауалдарға жауап берді, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу