Жапонияның білім беру жүйесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның білім беру жүйесі

19.03.2016
Жапонияның білім беру жүйесі

Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері мен ондағы сенім-түсініктерінің мәні ислам дінінің қабылдануына дейінгі халықтың наным-сенімдерінің бүгінге дейін сақталғандығынан дерек береді.  

Мұсылман діні, басқа халықтар секілді қазақтарда да ислам дінінің әдет-ғұрыптары пайда болғанға дейінгі жергілікті діни әдет-ғұрыптармен астасып жатады. Бұл қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуына, олардың көзқарастары мен дүниетанымының, ұлттық менталитетінің  қалыптасуына ықпал етті.

Ұлттық білім беру ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың тарихын, салт-дәстүрін, дінін, тілі мен материалдық және рухани мәдениетін жақсы түсінуден тұрады.

Халықтың ұлттық ерекшеліктерін қабылдаған адам сол халықтың өзге халықтан өзгешелігін анықтайды, сол ерекшеліктерді өз бойына сіңіреді, оның нақты көріністерімен дараланады.

Халықтық педагогика мен халықтық тәрбиедегі даналық, ондағы ерекше тәрбие белгілері ғалымдардың қызығушылығын туғызып, осыдан барып халықтық педагогиканың әлеуметтік талапқа деген ерекше қатынасы туындады.

Жапонияның білім беру жүйесінің құрылымы мынадай сатылардан тұрады: міндетті емес сатысы – балабақша, бастауыш, орта мектеп болып бөлінетін мектепте білім беру, бұлардың ерекшелігі, орта мектептен соң оқушылар түрлі арнайы оқу орындары мен техникалық колледждерге ауысып кете алады. Сондай-ақ, университеттер мен университеттік емес секторларға бөлінетін жоғары білім беру.

Мектепке дейінгі білім беру. Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып саналмайды. Балалар балабақшаға әдетте 4 жастан бастап ата-аналарының қалауымен барады. Жапониядағы балабақшалардың барлығы жеке меншікте. Олардың ішінде беделді университеттер қамқорлығындағы элиталық балабақшалардың алар орны ерекше.

Егер балақай мұндай балабақшаға баратын болса, оның болашағын жарқын болады деп есептеуге болады. Белгілі бір жасқа келгенде ол университет мектебіне ауысады, сосын ол жерден университетке емтихан тапсырмай-ақ түседі.

Жапонияда білім беру саласында нағыз бәсекелестік бар. Университетте алған дипломы министрлікте немесе әлдебір атақты фирмада қомақты еңбекақы төленетін қызметке орналасуына кепілдік  береді. Бұл өз кезегінде мансапқа қол жеткізіп, материалдық жағдайды жасауға болады деген сөз.

Сондықтан, беделді университет жанындағы мұндай балабақшаға орналасу өте қиын. Ата-аналар балаларын мұнда орналастыру үшін қомақты қаражат төлейді, ал балақайдың өзі мұнда қабылдануы үшін аса күрделі тестілеуден өтуіне тура келеді.

Жапондық тәрбиешілер балаларды өзара қарым-қатынасқа үйрету үшін оларды шағын топтарға (хан) бөледі, бұл топ мектепке дейінгі білім беруде аса маңызды, айрықша ерекшелік. Бұл топтар балалардың қабілеттеріне қарай емес, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне қарай құрылады.

Жыл сайын бұл топтар қайта құрылып отырады. Балалар құрамын жиі ауыстыру оларға ортаға бейімделуге кең мүмкіндік беру әрекетінен туындайды. Егер балақай нақты бір топта өзге балалармен қарым-қатынасын қалыптастыра алмаса, басқа топтағы балалардан өзіне дос таба алуы мүмкін.

Жапонияда кішкентай балаларды ерте бастан жарқын болашақ үшін зор бәсекелестікке тәрбиелейді, бұл адамның шығармашылық қабілетінің дамуына аса септігін тигізе қоймайды.

Алайда, баланың бойына жалпыға ортақ деген ұғымды шебер қалыптастырады.  Берілген тапсырманы айналасына кедергі келтірмей-ақ орындай алатын, ұжымда жұмыс істей алатын, физикалық және психикалық тұрғыда аман-сау адамды тәрбиелейді.

Ғалия ТҰРЫСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу