Оның сөзінше, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімдеріне 9 791 165 адам енгізілді.
«Сайлау күні сайлаушылар еліміздің кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруі үшін ол алдын ала дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуы қажет. Сайлаушылар оны 19 наурыз күнгі сағат 18.00-ге дейін ала алады. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келген сайлаушыларға берілмейтінін атап өтемін. Өйткені партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда еліміздің барлық аумағы сайлау округі болып табылады. Сондықтан, осы сайлауда есептен шығару куәлігі бар сайлаушылар еліміздің кез келген нүктесінде дауыс бере алады. Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылар өз сайлау округі шегінде ғана дауыс беруге болады» - деп атап көрсетті ОСК хатшысы.