Боксшы Данияр Елеусінов қазір Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қызу дайындық үстінде. «2012 жылғы Лондондағы олқылықтың орнын толтырсам» дейді.
«Еліміздің азаматтары осы салмақ дәрежесінде төрт жыл сайын Олимпиада чемпионы атанып жатыр. Мен де жалауымызды түсірмей, топ жарсам деймін. Сол үшін жұмыс істеп жатырмын», дейді боксшы.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», деген. Ағайынды Дәурен мен Данияр Елеусіновтер әкелерінің жолын қуды. Әкесі де балаларының арманына қанат бітіріп, талабын ұштай түсті.
Данияр жақында Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен GeeBee халықаралық турнирінен алтын медальмен оралды. Шаршы алаңда шеберлігімен көзге түскен ол бүгінде Ұлттық құраманың капитаны. «Ал, көшбасшыға артылар жүк екі есе ауыр», дейді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.