Нұрсұлтан Назарбаев сөзінде жұмысшы мамандығын иеленген адамдардың елді дамытудағы елеулі рөлін атап өтті.
«Бүгін мұнда еліміздің және облыстардың ең үздік еңбек ұжымдарының өкілдері жиналды. Бұлар – шахтерлар, металлургтер, машинистер, теміржолшылар, мұнайшылар, жұмысшы мамандығының барлық өкілдері. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы металлургиялық балқыту пешінде, кен орындары мен шахталарда, зауыттарда, автокөлік жолдары мен теміржолдарда отандық экономика дамып жатыр. Мен жұмысшы мамандығының қандай екенін жақсы білемін. Біз Қазақстанда жалпыға ортақ еңбек қоғамын жарияладық, «Еңбек даңқы» арнаулы орденін тағайындадық. Оның алғашқы лауреаттары осы залда отыр. Ең мықты валюта – адам еңбегі», – деді Мемлекет басшысы.