«Вконтакте» желісінде қылмыскерлерді іздейтін арнайы парақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Вконтакте» желісінде қылмыскерлерді іздейтін арнайы парақша ашылды

17.03.2016
«Вконтакте» желісінде қылмыскерлерді іздейтін арнайы парақша ашылды

Қазір онда бүгінге дейін іздеуде жүрген 14 адамның аты-жөні мен суреті жарияланды.

Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз орталығына сілтеме жасап egemen.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында мұндай «Іздестіру» («Розыск») аңдатпасы бұған дейін де болған әрі ол криминалды полиция комитетінің күшімен әркез жаңаланып тұрады. Парақшада із-түссіз жоғалған азаматтың немесе іздеудегі қылмыскердің суреті мен оның қай кезде, қай жерде, қалай жоғалғаны немесе ізін жасырғаны туралы нақты деректер тізбесі жасалынады.

Осыған орай, қала азаматтары болған оқиғаларға байланысты бізге дер кезінде желі арқылы тез арада хабар беріп тұрады деген үміттеміз», – дейді қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Хабарламаларға жазылу