Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, Полина эстрадалық вокал аталымында бірінші дәрежелі лауреат атанса, академиялық вокал аталымында екінші дәрежелі дипломмен марапатталған.
«Полина Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің 3-сынып оқушысы. Ол Константин Меладзенің «Поля-Полюшка», В.Моцарттың «Тоска по весне» және И. Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасынан «Песенка Пепиты» шығармаларын орындады. Ұстаздары - Наталья Кабурнеева, Олеся Скорикова, сүйемелдеушілері - Гауһар Қасқырбаева және Ирина Петрова», - дейді вокал сыныбы бойынша педагог Наталья Георгиевна.
Айта кетерлігі, Полина Петрова ел намысын қорғаған жалғыз қатысушы. Барлығы 9-12 жас категориясында әр республикадан 25 бала қатысқан. Жеткіншектердің өнеріне Мәскеу мемлекеттік мәдениет университеті және Қазан мемлекеттік консерваториясының қазылар алқасы баға берді.