Түркияда болашақта дәулескер күйші Тәттімбеттің бюсті қойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда болашақта дәулескер күйші Тәттімбеттің бюсті қойылуы мүмкін

17.03.2016
Түркияда болашақта дәулескер күйші Тәттімбеттің бюсті қойылуы мүмкін

«Өздеріңіз білесіздер, биылғы жыл біздің егемен еліміз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа ғана уақытта біздің еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Экономикасы тұрақты, қай жағынан да қуатты мемлекет ретінде әлемге танылды»,-деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ, ол төрткүл дүние қазақ жерін бейбітшілік пен бірліктің алтын бесігі деп бағалайтындығын атап өтті. 

«Әрине, бұл ең алдымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі, халқымыздың береке-бірлігінің жемісі. Ал осынау тәуелсіздігімізді ең бірінші болып таныған туыстас Түркияға деген біздің құрметіміз қашанда ерекше.  Біз – түбі бір ер түркінің ұрпағымыз. Шыққан тегіміз бір, Отанымыз ортақ. Бөліп жаратыны жоқ. Біз әлемдік өркениетке асыл мұраларымен аты қалған айтулы тұлғаларымызбен бірге мақтанамыз. Солардың бірі – қазақ халқының дара перзенті, шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлы»,-деді ол.

Сондай-ақ ол бабамыздың 200-жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралар өткен жылы еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өткендігі жеткізді.  «Бүгін міне, тағы бір ауқымды шара Анкара қаласында жалғасып, арқалы күйші атын иеленген аллеяны ашып отырмыз. Әрине, бұл ең алдымен, туыстас екі елдің бір-біріне деген шынайы, риясыз көңілінің айқын көрінісі. Ал екіншіден, мәуелі мәдениетке, өрелі өнерге, тұғырлы тұлғаға деген өлшеусіз құрметтің белгісі. Екі елдің арасындағы достық пен бауырластық жалғаса берсін. Алдағы уақытта қала басшылығымен келісе отырып, саябақта Тәттімбет бабамыздың бюстін қоюды жоспарлап отырмыз», - деген жағымды жаңалығымен бөлісті әкімнің орынбасары.

Хабарламаларға жазылу