Мәскеуде киокушинкай каратэден халықаралық «Кубок Москвы» жарысы өтті. Оған Ресейдің барлық аймақтарынан 300-ден аса спортшы қатысса, Қазақстан намысын жалғыз спортшы - «Қазақстан» РТРК» қызметкері - қара белбеу (1-ші дан) иегері Мұрат Ерғалиев қорғаған. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында бақ сынап, жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Айта кетейік, М.Ерғалиев өткен жылы да бұл сайыста ел намысын қорғап, күміс жүлдені қанжығасына байлаған еді.
Әріптесімізді шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз.