Қызылорда қаласында «Акваспектр - денсаулық Академиясы» сауықтыру орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласында «Акваспектр - денсаулық Академиясы» сауықтыру орталығы ашылды

16.03.2016
Қызылорда қаласында «Акваспектр - денсаулық Академиясы» сауықтыру орталығы  ашылды

Орталықта емдеуді медицина ғылымдарының докторы, профессор, РФ Халықаралық денсаулық академиясының президенті – Ашот Хачатрян жүргізеді, деп хабарлады бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған бірегей орталықтың ашылуына мұрындық болған «Қызылорда Анкар Сервис» ЖШС компаниясы. Компания директоры Марал Кетебайдың сөзінше, өзінің қызы ем қонбайтын сирек ауруға шалдыққанда осындай сауықтыру орталығын ашу туралы идея  келген. Академик Ашот Хачатрян туралы естігенде,  бірден Новосибирск қаласына аттанып, нәтижесінде академиктің емінен соң қызы дертінен жазылған.

«Қызылорда Анкар Сервис» ЖШС компаниясының директоры Марал Кетебайдың сөзінше, дертке шалдыққан қызына ем іздеу жолында, ел асуға душар болғандықтан, ол осындай орталықты туған қаласында ашуды ойлап, жоспарлаған.

Оның үстіне академик Ашот Хачатрян кәсіпкер әйелден бірлесе жұмыс жасау жөніндегі ұсынысын қабыл алған.  «Біздің облысымыздың экологиялық қиын ахуалы халықтың денсаулығына кері әсер ететінін бәрі де біледі. Сондықтан, біз жоғары дәрежелі  дәрігерлерден кешендік ем алуға мүмкіндік беретін сауықтыру орталығын ашуды ойластырдық. Біздің алғашқы емделушілеріміз қысқа уақыт ішінде денсаулықтарының оңала түскенін айтуда. Ал біз болсақ,  осы орайда мемлекет тарапынан берілген қолдауға өз ризашылығымызды білдіреміз,- дейді Марал Кетебай.

Хабарламаларға жазылу