Астанада сайлау өтетін күні жол жүру тегін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сайлау өтетін күні жол жүру тегін болады

16.03.2016
Астанада сайлау өтетін күні жол жүру тегін болады

Айта кетейік, қазіргі кезде Астанада 63 қалалық бағдар бар және аялдамалар саны аз, тура қозғалатын 6 жедел-бағыт, сондай-ақ, жолаушылар тасымалының барлық нормативтеріне сәйкес келетін қала маңына қатынайтын 15 маршрут жүреді.

Еске салайық, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары үшін 213 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады.

Елордада өз сайлау учаскеңізді білу үшін 55-66-55 номері бойынша Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының, e.astana.kz және аstana.gov.kz веб-сайттарының қызметін пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ақпараттық дүңгіршектер арқылы немесе 1414 қысқа номеріне (код сөз – бос орын – азаматтың ЖСН-і) SMS-хабарлама жолдау арқылы ақпарат алуға болады. 

Хабарламаларға жазылу