Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жаңа пойыз бүгін жолға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жаңа пойыз бүгін жолға шығады

15.03.2016
Жезқазған-Қызылорда  бағытындағы жаңа пойыз бүгін жолға шығады

Осыған дейін жезқазғандықтардың Қызылордаға қатынауы қиын еді. Сыр еліне баратын төте жолдың жоқтығынан Жезқазғаннан шыққан пойыз Қарағанды, Мойынты-Шу, Түркістан қалаларын бойлай өтіп, Қызылордаға келіп тоқтайтын. Бұл бағытпен пойыз 3 мың шақырым жол жүретін.

Ал, жаңа бағыт бойынша салынған шойын жол бұл қашықтықты 2 мың шақырымға дейін қысқартып отыр. Осылайша, енді қала тұрғындары Қызылордаға бұрынғыдай 2 жарым  емес, 1 күнде-ақ жете алады.  Әрі  ірілі-ұсақты 40 елді мекенді бойлай өтеді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу