Осыған дейін жезқазғандықтардың Қызылордаға қатынауы қиын еді. Сыр еліне баратын төте жолдың жоқтығынан Жезқазғаннан шыққан пойыз Қарағанды, Мойынты-Шу, Түркістан қалаларын бойлай өтіп, Қызылордаға келіп тоқтайтын. Бұл бағытпен пойыз 3 мың шақырым жол жүретін.
Ал, жаңа бағыт бойынша салынған шойын жол бұл қашықтықты 2 мың шақырымға дейін қысқартып отыр. Осылайша, енді қала тұрғындары Қызылордаға бұрынғыдай 2 жарым емес, 1 күнде-ақ жете алады. Әрі ірілі-ұсақты 40 елді мекенді бойлай өтеді.