Бас прокуратура мемлекеттік органдардың е-Айыппұл автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қолдау көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура мемлекеттік органдардың е-Айыппұл автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қолдау көрсетпек

15.03.2016
Бас прокуратура мемлекеттік органдардың е-Айыппұл автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қолдау көрсетпек

Мақсаты – әкімшілік айыппұл салудан бастап, тараптарды хабарландыру, оны орындауға жіберу, өз еркімен немесе мәжбүрлеп өндіруге және азаматқа салынған барлық шектеулерді алуға дейінгі әкімшілік іс жүргізу процесін автоматтандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Техникалық тапсырма мемлекеттік органдар мен осыған қатысы бар ұйымдардың (оның ішінде екінші деңгейлі банктердің) заңнамалық және техникалық базасын зерттеу, сондай-ақ, осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу.

Зерттеу нәтижесінде сараптамалық топ қажетті құжаттарды тіркей отырып, е-Айыппұл жүйесінің неғұрлым тиімді моделі бойынша ұсынымдарды жасап шығаруы тиіс. Қажетті құжаттар қатарына осы мәлесе бойынша заң жобасы, схемалар, құрылғылардың техникалық талаптары, ұсынылған жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың сипаттамасы, бағдарламалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың ерекшеліктері, жобаны жасауға, енгізуге және Қазақстанда жүйенің жұмысын қолдап отыруға жұмсалатын қаржының толық есептері кіреді.

Техникалық тапсырма Халықаралық қайта құру және даму банкімен келісілген және сараптамалық топты іріктеп алу үшін ҚР Әділет министрлігінің сайтына орналастырылған.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылған талаптарға сай келетін IT-нарықтағы отандық кәсіпорындар мен ұйымдармен қатар, осы салада жұмыс істейтін шетел фирмалары да шақырылады.

Жобаға қызығушылық танытқан ұйым, мекеме өкілдері  010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі мекенжайына 2016 жылдың 25 наурыз күнгі сағат 18.00-ге дейін берілуі тиіс.

Хабарламаларға жазылу