Агенттікке қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ардақ Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Наурыз мейрамын тойлау 21-наурыз күні Гагарин саябағында басталады. Ал негізгі шаралар орталық алаңда 22-наурыз күні сағат 12.00-де басталады», - деді А.Райымбеков.
Бұдан басқа, алаңда қазақша күрес, аударыспақ, қошқар көтеру, көкпар сынды ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылады.