Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

15.03.2016
Бүгін – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

1961 жылы 15-ші наурызда өткен АҚШ Конгресінде Джон Ф.Кеннеди сөз сөйлеп, тұтынушының негізгі төрт құқын атап өтті: 1. Қауіпсіздігін сақтау құқығы, 2. Таңдау құқығы, 3. Тауар сапасы, 4. Сөзін тыңдату құқығы. Әлемдегі барлық тұтынушы құқын қорғау қоғамдары бұл сөздерді манифест ретінде қабылдады.

6 жыл бұрын (2010) Қазақстанда алғашқы ислам «Al Hilal» банкі ашылды.

6 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы желтоқсанның 25-індегі шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

9 жыл бұрын (2007) Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектепте балалар хорына арналған Әліби Әбдінұровтың «Ұрпақ әуені» шығармалар жинағының концерті өтті.

10 жыл бұрын (2006) Қазақстанда «Лаңкестік әліпбиі» оқу құралы басып шығарылды. Кітап авторы - біздің еліміздегі жалғыз терролог-ғалым, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының психологияны басқару кафедрасы бастығының орынбасары Рысқұл Завотпаев.

14 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен активтері 3,3 млрд долларға бағаланған ірі акционерлік қоғамдардың бірі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.

 

Хабарламаларға жазылу