Анкарадағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарадағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

14.03.2016
Анкарадағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Түркия астанасы Анкара қаласында болған террорлық шабуыл кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады. Агенттікке аталған ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтқан.

«Қазіргі кезде зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат түcкен жоқ», - деді телефон арқылы Ә.Жайнақов.

 Еске сала кетсек, 13 наурызда Анкарада террористердің жарылғышты іске қосуының салдарынан 34 адам қаза тауып, 125 адам жарақаттанған.

Бомба Анкараның ортасындағы Қызылай алаңында жарылған. Kaznews-тің Түркиядағы тілшісі Бақытжан Омар адам шығынының өсуі мүмкін екендігін де хабарлаған болатын. Өйткені жарақат алған 125 адамның 19-ы хал үстінде жатыр.

Хабарламаларға жазылу