Құс шаруашылығы өнімдері қай кезеңде болмасын, үлкен сұранысқа ие екені бесенеден белгілі. Ал, елімізде тұтынылатын құс етінің жартысынан астамы сырттан әкелінеді. Сондықтан, құс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың қуаттылығын арттыру керек.
Отандық құс етінің нарықтағы үлесі қандай? Елдегі құс шаруашылығының қарыштап дамуына не кедергі? Бүгін 08:35-те «Агробизнес» хабарынан көре аласыздар.
Сондай-ақ, хабарда балық шаруашылығы, шұжық өндірісі туралы ақпарат беріледі.