Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінен хабарланды.
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» республикалық тасжолы 703 шақырымынан 526 шақырымына (Маржанбұлақ ауылынан БҚО шекарасына) дейін және 773 шақырымынан 835 шақырымына (Белогорка ауылынан Хромтау қаласына) дейін жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық тасжолы 11 шақырымынан 92 шақырымына (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына) дейін жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ салдарынан барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрлеріне жол жабық.