Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 84 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 84 жыл толды

10.03.2016
Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 84 жыл толды

Ал, 1962 жылғы 3 мамырдан 1992 жылғы 6 шілдеге дейін Чимкент облысы деп аталып, 1992 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан атауы қайтарылды. Осы қысқа мерзімнің ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның сауда-көлік, өнеркәсіптік-инновациялық және ғылым-білім салалары жоғары дамыған іргелі өңірге айналды.

Оңтүстік Қазақстан еліміздің оңтүстіктігіндегі әкімшілік аумақтық бөлік. Жер көлемі 117, 3 мың шаршы шақырым. Аймақта ел халқының 16 пайызы өмір сүреді. Яғни, 2 836 000 халық тұрады. Облыс 11 әкімшілік аудан мен 4 қалалық әкімдікке бөлінген. Орталығы - Шымкент қаласы. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Шымкент шаһары Қазақстанның үшінші мегаполисіне айналуда. Бүгінде қаланың аумағы кеңейіп, зәулім ғимараттар бой көтеруде.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мақта өсіру саласы бойынша еліміздегі бірден-бір өңір. Сонымен қатар, аймақта жеңіл және ауыр өнеркәсіп дамыған. Қазақстанның күнгей бөлігінде орналасқан бұл өңірде 100-ден астам түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. 

Хабарламаларға жазылу