Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті кәсіпкерлерге тегін жарнамалық қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті кәсіпкерлерге тегін жарнамалық қолдау көрсетіледі

10.03.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті кәсіпкерлерге тегін жарнамалық қолдау көрсетіледі

Аталған бірегей жоба Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіп субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың «Қазақстанда жасалған» брендімен өндірген өнімін халықтың көптеп тұтынуына әсер етуде үлкен жұмыс болмақ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тегін жарнамалық қызметтердің түрі саналуан. Ол үшін облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпорындар үшін жарнамалық роликтер мен ұйымның эксклюзивтік жарнамасын әзірлеп беруге дайын.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ҚР Кәсіпкерлік кодексі аясында отандық тауарлардың экспортқа шығуы аясында сервистік-ақпараттық қолдау жұмыстарына бар күшін салатын болады. Қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, аталған жоба оңтүстік өңірдегі бизнесмендердің PR жұмыстарына бөлген қаражатын үнемдеуге зор үлесін қоспақ. Аталған қызмет түрлерін бастау осы жылдың көктеміне жоспарланып отыр», - дейді орталықтың бас директорының орынбасары Б.Дүйсебеков.

Хабарламаларға жазылу