Көктемгі ауа райын қазақ қалай болжаған? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі ауа райын қазақ қалай болжаған? (ВИДЕО)

10.03.2016
Көктемгі ауа райын қазақ қалай болжаған? (ВИДЕО)

Наурыздағы айдың тууын, тоғысуын байқап, бағамдап отыратын қазақ халқы қай кезеңде ауа райының қандай болатынын тура болжай білген. Ауа райына байланысты көптеген қағидаларға сүйенген.

Көктемде торғай ерте жұмыртқаласа, күн ерте жылынады. Күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады. Көктемнің басында қарға суға шомылса, күн жылынады. Ал, таң күңгірт тартып, күн манаурап көрінсе, жыл жауын-шашынды болады.

Сондай-ақ, таң шашырап атса, бұл жылы молшылық, береке болады. Наурыз күні қар жауса, ол жылы жақсылық көп болады, деп болжаған.

Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар келе бастағанда қар аралас жаңбыр жауады, суық жел тұрады. Мұны халық «құс қанаты» деп атаған. Сондықтан да, наурыз айының соңғы күндері  ауа райы осылайша күрт өзгерсе, қариялар «жарықтық, құс қанаты ғой бұл», деп жатады.

Одан кейін қар еріп, жер лайсаң болады. Бұл жыл мезгілі ауысып, аласапыран басталатын шақ. Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу