ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде сәндік-қолданбалы өнер шебері Жанна Нөгербекованың көрмесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде сәндік-қолданбалы өнер шебері Жанна Нөгербекованың көрмесі ашылады

09.03.2016
ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде сәндік-қолданбалы өнер шебері Жанна Нөгербекованың көрмесі ашылады

Көрме «Үкілі үміт» жастар шығармашылығын қолдау жобасы аясында Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы «Атамекен» қазақтар қоғамы мен Санкт-Петербургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

2011 жылы  ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен қолға алынған  «Үкілі үміт» жобасы, жас таланттарға өздерінің шығармашылығын кең көлемде таныстырып және сәндік-қолданбалы өнердегі табыстарын жария етуге мүмкіндік береді.

Жанна Нөгербекова Астана қаласындағы балалардың көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының түлегі. Мектеп жасынан бастап әртүрлі республикалық, халықаралық фестивальдардың, көркемөнер байқауларының және көрмелердің қатысушысы.

Хабарламаларға жазылу