Елімізде жылына 40 мың тонна сүт өнімдері экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылына 40 мың тонна сүт өнімдері экспортталады

25.04.2016
Елімізде жылына 40 мың тонна сүт өнімдері экспортталады
Елімізде жылына 40 мың тонна сүт өнімдері экспортталады. Өнімнің көбі шекаралас Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдеріне шығарылуда.

Алдағы уақытта сыртқа шығатын қазақстандық өнімнің көрсеткіші артпақ. Ал бүгін Астанада қазақстандық сүт өнімдерін сататын арнайы дүкен ашылды.

Бұл Елордадағы тек отандық тауар сататын екінші жер. Жаңа сауда орнын ауылшаруашылығы министрінің орынбасары аралап көрді.


Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу