А.Мұхамедиұлы: Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде ақ жаулықты аналарымыз бен қыздарымыздың алар орны айрықша - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Мұхамедиұлы: Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде ақ жаулықты аналарымыз бен қыздарымыздың алар орны айрықша

05.03.2016
А.Мұхамедиұлы: Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде ақ жаулықты аналарымыз бен қыздарымыздың алар орны айрықша

Министрдің құттықтауы бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

«Ең әдемі, ең нәзік жандар – әйелдер қауымын 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қай қоғамда болмасын, ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде ақ жаулықты аналарымызбен қыздарымыздың алар орны айрықша. Келешек ұрпақтың тәрбиесі, тіптен тұтас халықтың тағдыры көп жағдайда аналардың қолында екені жасырын емес. Бүгінгі таңда еліміздегі әйелдер белсенділігі күн санап артып келеді, қазір олар қоғамның кез келген саласынан өз орнын алып, үлкен міндеттерді абыроймен атқарып жүр.

Баршаңызға еңбекте табыс, отбасылық бақыт пен береке, денсаулық тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден қуаныш кетпесін. Көктемнің шуағындай жер дүниеге жылулық ала келген мерекелеріңіз шаңырақтарыңызға құт болып қонсын»,-делінген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу