Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы 2 матчты тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы 2 матчты тікелей эфирде көрсетеді

04.03.2016
Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы 2 матчты тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Белградта (Сербия) Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан арасындағы ойындар басталады.

Бұл матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Алғашқы кездесу сағат 18:50-де, ал 2-ші ойын 21:30-да басталады.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.

Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.

Хабарламаларға жазылу