Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 6 сатыға жоғарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 6 сатыға жоғарылады

03.03.2016
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 6 сатыға жоғарылады

Жаңартылған рейтингте футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 6 сатыға жоғарылап, 125 орынға көтерілді. Өткен айдағы рейтингте құрамамыз 131-орында еді.

Айта кетейік, Ұлттық құрама желтоқсан айынан бері бас бапкерсіз келеді. Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің есімін қаңтар айының соңында жариялаймыз деген болатын.

ФИФА рейтингі. 3 наурыз:

1 (1 ). Бельгия - 1506 ұпай

2 (2). Аргентина - 1457

3 (3). Испания - 1374

4 (4). Германия - 1355

5 (5). Чили - 1307

6 (6). Бразилия - 1254

7 (7). Португалия - 1234

8 (8). Колумбия - 1215

9 (9). Англия - 1112

10 (10). Австрия – 1095

 

...125 (131). Қазақстан - 276.

Хабарламаларға жазылу