Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

03.03.2016
Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген тетіктерді енгізу құқық қорғау органдарына өз функцияларын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындық пен оны өткізу барысында құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қ.Қасымов пенитенциарлық инфрақұрылымды мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту аясында жаңғырту туралы, сондай-ақ азаматтық қорғаныс қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алумен және болдырмаумен айналысатын органдар жұмысы жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

Хабарламаларға жазылу