Елордада 5 мың 385 нысан заңдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 5 мың 385 нысан заңдастырылды

03.03.2016
Елордада 5 мың 385 нысан заңдастырылды

Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша жалпы құны 76,2 млрд. теңгені құрайтын 5775 өтініш келіп түскен.

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне алым төлеместен екінші деңгейлі банкте ашылған ағымдық шотқа ақша салу арқылы ақша қаражатын заңдастыру бойынша жалпы сомасы 122,2 млрд. теңгенің 45 арнайы декларациясы ұсынылған. Айта кетейік, өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,7 есеге артқан.

Елордалық қаржы қызметкерлері азаматтарды мүлікті, ақша қаражатын заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ақшаны және бағалы қағаздарды заңдастыру үшін Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдарына, ал рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті заңдастырғанда әкімдіктер жанындағы комиссияларға жүгіну керек. Құжаттар бір айдың ішінде өңделеді және шешім шығарылады. Содан кейін тізілімге енгізіледі және мүлікті тіркеу жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу