Қазақ телевизиясы саласына өнегелі еңбегімен өзіндік із қалдырған осындай азаматтардың бірі - Николай Дмитриевич Овчаров. 1941 жылдың 27-ақпанында Ресейдің Белгород облысының Червянск ауданының Малотроицкое ауылында дүниеге келген.
Ол 17 жасында еңбек жолын бақташы болып бастап, кейінірек колхоз бастығы, құс фермасының бастығы қызметтерін атқарған. Еңбектегі белсенділігі үшін ол білімін жетілдіріп, жоғары оқу орындарында ауыл шаруашылығы, байланыс салаларында қызмет етті. Н.Овчаров осы салаларда еңбек ете жүріп өзін шығармашылық жағынан да жетілдіріп отыруды назардан тыс қалдырған емес. Осындай қасиеттерінің арқасында Н.Овчаров 1973 жылы көркемөнерпаздар байқауының лауреаты да атанды.
Ол 1977 жылдың сәуірі мен 1983 жылдың сәуіріне дейін Ақмола облысының радиотелеорталығында арнайы хабарландыру, энергетика және сантехника цехының бастығы қызметін атқарған. Облыстық телерадиоорталықта осы сияқты түрлі қызметтерді атқара жүріп, ҚР «Астана» ТРК жабық акционерлік қоғамы филиалының құрылуына байланысты «Астана» ТРО-ның шаруашылық бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды. 2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін осы орталықта азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар қызметінің маманы қызметтерін атқарды.
Н.Овчаров саналы ғұмырының 15 жылдан астамын «Қазақстан» РТРК» АҚ-на арнаған абзал азамат.
Оның осы жылдардағы атқарған еңбектері өзінің кәсібіне шын берілгендіктің үлгісі деуге болады және ол қандай болса құрметке болса да лайықты.