Бұл ретте ресейлік маман Ұлттық арнаның тілшілерімен өзінің журналистік қызметінде жинақтаған мол тәжірибесімен бөліспек. Атап айтқанда, ол тілшілерге ақпараттармен жұмыс істеу, көрерменнің талғамына сай материалдарды дайындау, оқырмандардың Ұлттық арнаның жаңалықтарына деген қызығушылығын арттыру, интернет желісі бойынша жұмыстарды жетілдіру, материалдардың сапасын арттыруға байланысты өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісетін болады.
Тәжірибе алмасу жұмыстары бірнеше күнге жалғасады. Сондай-ақ Ұлттық арна тілшілері тәжірибелі маманмен сұхбаттасып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап та алатын болады.
Аталмыш шараны «Қазақстан» РТРК басшылығы телеарна тілшілері мен шығармашылық ұжымы өкілдерінің біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдай түсу мақсатында қолға алып отыр.