«Алтын ұя» телехикаясының 2-бөлімін көріңіз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын ұя» телехикаясының 2-бөлімін көріңіз!

29.02.2016
«Алтын ұя» телехикаясының 2-бөлімін көріңіз!

«Алтын ұя» - кішкентай ғана ауылда өмір сүріп жатқан әртүрлі этнос өкілдерінің өмірі мен тыныс-тіршілігі туралы фильм. Туындыда Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі кезең мен кейіпкерлердің тағдыры қамтылады. Сол оқиғалардың аясында Астананың аз уақыт аралығында өсіп-өркендегені де баяндалады.

Кинотуындының бас қаһармандары – Қаратаевтар отбасы. Осы отбасының айналасында түрлі ұлыс өкілдері бірігеді. Отағасы Тұрғамбайдың рөлін танымал актер Нұржұман Ықтымбаев, ал оның әйелін актриса Райхан Айтқожанова сомдайды.  

Сериалда махаббат пен түңілу, жақсылық пен зұлымдық қатар жүреді. Алайда, туынды кейіпкерлері ынтымақ пен бірліктің арқасында, қоғам мен мемлекетке пайда тигізу жолында барлық қиындықтарға төтеп беріп, алға қойған асқақ армандарына қол жеткізеді.

«Алтын ұя» телехикаясының 2-бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:05-те   тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу