Роза Әлқожа, Еркін Нұржанов – «Мен сыйға тартқан орамал» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Әлқожа, Еркін Нұржанов – «Мен сыйға тартқан орамал» (ВИДЕО)

29.02.2016
Роза Әлқожа, Еркін Нұржанов – «Мен сыйға тартқан орамал» (ВИДЕО)

Біз енді қайтер екенбіз,

Жақынбыз және бөтенбіз.

Алыстан келсең, алдыңнан,

Су алып шығар бөтен қыз.

 

Қайырмасы:

Тоналар, бәрі тоналар,

Өзіңдей кімдер бола алар?

Жоғалар, бір күн жоғалар,

Мен сыйға тартқан орамал.

 

Тағдырдың болды жазғаны,

Жар етіп алдым басқаны.

Өзің боп қалдың мәңгілік,

Арманның биік асқары.

 

Қайырмасы:

Тоналар, бәрі тоналар,

Өзіңдей кімдер бола алар?

Жанымды жүр ғой жылытып,

Сен сыйға тартқан орамал.

 

Сен қайда қалып барасың?

Қарайған нүкте ғанасың.

Жанымды үнсіз жаралап,

Жарасын өзің таңасың.

 

Жанымда жүрер бүлінбей,

Орамал - сенің көзіңдей.

Оралған сол бір көктемнен,

Алғашқы нәзік сезімдей.

 

Мазамды алды мына ақшам,

Семсерін кезеп сұрақ сан.

Күлдіріп отыр басқа жан,

Жақсы еді-ау сен кеп жылатсаң.

 

Орамал, сірә, тон емес,

Жастықтан қалған ол елес.

Сүйікті жанның сезімін,

Жүрексіз ғана елемес.

Хабарламаларға жазылу