«Қазақстан» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады

29.02.2016
«Қазақстан» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады

Байқау 1-20 наурыз аралығында өтеді. 

Оған домбырада ойнай алатын кез келген адам немесе топ қатыса алады. Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтар өздерінің орындаған күйлерін бейнетаспаға түсіріп, оны 2016 жылдың 18-наурызына дейін nauryz@kaztrk.kz электронды мекенжайына жіберулері керек. 

Байқау материалдарында қатысушының аты-жөні, туған күні мен байланыс телефоны, өзі тұрып жатқан қаланың атауы мен электронды адресі  толық болуы керек. Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері үздік орындаушыны 20-21 наурыз аралығында анықтайды. 

Байқаудың жеңімпаздары арнайы тағайындалған құнды сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» телеарнасынан көріну мүмкіндігіне ие болады.

Хабарламаларға жазылу