«Merz Aesthetics» сарапшылары ұялы телефондардың адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеген. Көп адамдар бір-бірімен жолыққан кездерде сөйлесіп, араласудың орнына телефонды қолдарынан тастамайтын көрінеді.
Ғалымдар жүргізген зерттеуге Франция, Испания, Ресей, Италия, Тайвань, Оңтүстік Корея елдерінен 35 жастан жоғары 5340 адам қатысқан. Олардың 33 пайызы ер адамдар болса, 65 пайызы әйел адамдар. Зерттеуге қатысушылардың 76 пайызы күніне 2 сағат әлеуметтік желіде отырады. Оларға «смартфонды үнемі пайдаланғанда, немесе экран арқылы сөздерді оқу кезінде ерте қартаю сезіле ме?» деген сауалға 44,05 пайызы көздерінің айналасында кішігірім әжімдерді байқағанын айтқан. Кейбірі бет терісінің құрғақ болуын аңғарған.
Ғалымдардың айтуынша, әлеметтік желіде сөйлескен сәттерде бұлшықеттер босаңсыған болып көрінеді. Алайда, смартфондар денсаулыққа кері әсерін тигізуде.
Сарапшылар смартфондарды көп қолдануды шектеп, әлеуметтік желілерде аз уақыт өткізуге кеңес береді.