19 жыл бұрын Долли қойын клондау сәтті аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 жыл бұрын Долли қойын клондау сәтті аяқталды

27.02.2016
19 жыл бұрын Долли қойын клондау сәтті аяқталды

Рослин институтының эмбриологы әрі генетигі Йен Уилмат 1997 жылдың 27 ақпанында ағылшындық «Nature» журналында мақала жариялайды. Онда ол қойды клондау тәжірибесі сәтті өткенін хабарлаған еді.

Жалпы мұндай тәжірибелер Доллиге дейін де болған. Мысалы, Мэган және Мораг қойларын да эмбрионалды жасушалар көмегімен клондалған.  

Доллиді «дүниеге әкелу» үшін донор-қойдың желінен алынған ядролар 277 аналық жасушаға тасымалданды. Олардан кейін 29 эмбрион пайда болып, тек біреуі, яғни Долли ғана аман қалған. Осы жасушадан анасына айна-қатесіз ұқсаған жаңа ағза пайда болды. Осы әдіспен «туған» қойды инженерлер Долли деп атады. Осылайша ол – клондау әдісімен пайда болған алғашқы сүтқоректенуші.   

Ал, 1 жылдан кейін, 1998 жылдың 12-ші қаңтарында Парижде 19 мемлекет адамды клондауға тымйым салу хаттамасына қол қояды. Бұл құжат адам құқын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенцияны толықтырды.

Айта кетейік, Долли 2003 жылдың 14-ші ақпанында ретровирус салдарынан пайда болған өкпе ауруынан қайтыс болды. Бұл ауру көбінесе жабық жерде өмір сүретін қойларда кездеседі. Ал, Долли қауіпсіздік шараларына байланысты үнемі жабық жүрде жүріп, жайылымға мүлдем шығарылмаған еді.  

2003 жылдың 9-шы сәуірінде Доллидің тұлыбы (чучело) Эдинбург корольдік музейіне қойылды. 

Хабарламаларға жазылу