«Made in KZ» - заманауи әндерді домбыраға келтіріп орындап жүрген топ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Made in KZ» - заманауи әндерді домбыраға келтіріп орындап жүрген топ

26.02.2016
«Made in KZ» - заманауи әндерді домбыраға келтіріп орындап жүрген топ

«Made in KZ» тобы қазіргі заманғы электронды музыканы домбыраның үніне салып  орындап жүрген топ. Жас ұжымның құрамында dj-домбырашы Бауыржан Итекеев, кәсіби домбырашы, «Алдаспан» этно-рок тобының мүшесі Мақсат Хасанов және вокалист Аджера  Лесбекова бар.

Музыканттар интернетте таксист Русикпен бірге Тиматидің «Лада седан баклажан» әніне пародия жасап, танымал болған еді.

«Домбыра екі шекті болғанымен,  гитарамен айтылатын әндерді де, тіпті орта ғасырлық Бах, Бетховеннің туындыларын да домбырада ойнауға болады. Домбыраның үні  қоңыр, құлаққа жағымды.

Оның басқа да мүмкіншіліктерін байқаған халық бізді тыңдаған сайын ерекше әсер алады. Біздің мақсатымыз – домбыра тек терме мен күйге арналған аспап емес, ол да әлемдік деңгейдегі түрлі жанрдағы туындыларды орындай алады дегенді жеткізу»,-дейді Мақсат Хасанов.

«Made in KZ» тобын құру Бауыржанның идеясы болған. Бірақ, өзі кәсіби музыкант емес. Тек заманауи хиттерді домбырамен ойнауға деген әуесқойлығының арқасында аспапта ойнауды бір жылдың ішінде үйреніп алады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу