Павлодар облысында 4 мың 400-ге жуық колледж студенті тегін оқуға ауысты
Әзірге республика бойынша мұндай жаңашылдық Павлодар облысында ғана енгізілген. Сонымен қатар, сессияны жақсы тапсырған студенттерге айына 16 мың 400 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі.
Дәл қазір 11 мың 500 адамның ішінде үздік студенттердің саны 7 мың. Бұл іске жұмыс берушілер де өз үлестерін қосуда. Мысалы, соңғы үш жылда аймақтағы кәсіпорындар мемлекеттік тапсырысқа қосымша 587 арнаулы грант бөлген.
Сондай-ақ, өндіріс орындары ақысы төленетін бір жарым мың тәжірибе орнын ұсынып, колледж студенттерінің әрқайсысына айына 27 мың теңге төлейді. Жұмыс берушілер 371 студентке 11 мың теңгеден атаулы шәкіртақы тағайындаған.
pavlodarnews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13
Kaspi.kz Джеки Чанның елімізде түсірілетін жаңа фильміне бас серіктес болды
13.07.2026, 20:10