Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрлігінң баспасөз қызметінің хабарлады.
Хаттамаға 2016 жылдың 1 наурызында еліміздің Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мен БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуй Алтангерелдің және осы ұйымның сарапшыларының, сондай-ақ, ИДМ-нің Индустриялдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатында қол қойылады.
Бүгінгі таңда Инвестициялар және даму министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы энергия үнемдеу саясатын қалыптастыру бағытында сәтті қызмет етіп келеді. Нақтырақ айтқанда, тараптар нормативті-құқықтық базаны жетілдіріп, Қазақстанда энергия тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, 5 институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту және энергия қызметі келісімдерінің негізіндегі халықаралық деңгейде мойындалған тетіктер арқылы энергия тиімділігін арттыру мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы өзара ынтымақтастық бағыттарын кеңейтпек.