«Әйел бақыты». «Өнегелі отбасы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». «Өнегелі отбасы»

24.02.2016
«Әйел бақыты». «Өнегелі отбасы»

Тәрбиені ең  құнды байлық деп білген қазақ ұрпағын тәрбиелеу жолында талай нақыл сөз қалдырған. Осы орайда түркімен халқында «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі», деген әдемі сөз бар.

Отбасы, сыйластық, жарастық орнаған орта – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан, баланың азамат болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Ибалы ұл-қыз тәрбиелеп отырған, айрандай ұйыған әулет «Әйел бақытында» қонақта. Отбасының татулығы, беріктігі турасында өрбіген әңгімені бүгін 15:00-де тыңдаңыз.  

Хабарламаларға жазылу