Қазақ хандығы туралы сериал Астана күні қарсаңында көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ хандығы туралы сериал Астана күні қарсаңында көрсетілмек

23.02.2016
Қазақ хандығы туралы сериал Астана күні қарсаңында көрсетілмек

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріле бастаған «Қазақ хандығы» сериалы Астана күні қарсаңында көрсетілуі мүмкін. Бірақ, ол кезде де тұтастай емес, алғашқы 10 сериасы көрсетіледі. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Арна таратқан деректерге қарағанда сериалдың келесі бөлімі Тәуелсіздік күні қарсаңында көрсетілуі мүмкін. Жазушы Смағұл Елубай Алматыда өткен басқосулардың бірінде: «Қазақ хандығы» фильмі 20 бөлімді құрап, қазір дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз»,- деді.

Естеріңізге салар болсақ, «Қазақ хандығы» сериалы «Қазақ елі» деп аталатын тарихи циклді сериалдың алғашқы бөлігі болып есептеледі. Жобаны жүзеге асыруға әу баста 5 млн доллар бөлінген. Кейін краудфандинг тәсілі арқылы отандастарымыз қосымша 101 млн теңге жинады. Сериал Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісімен түсіріліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу