«Түнгі студияда» - Кәмшат Жолдыбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Кәмшат Жолдыбаева

23.02.2016
«Түнгі студияда» - Кәмшат Жолдыбаева

Қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздарының бірі Кәмшат Жолдыбаева бүгін «Түнгі студия» ток-шоуында қонақта.

Әнші 1988 жылы 28 қаңтарда Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келген. 9-сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алған.

Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында ұйымдастырушы мамандығын иеленген. III курста оқып жүргенде «Кешью» тобының құрамына қабылданған.

Кейін Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Эстрада» факультетіне ауысқан. «Парыз», «Ғашық жүрек-2», «Тракторшының махаббаты» телехикаяларында, «Біржан Сал» фильмінде ойнаған.

Әнші Нұрлан Қоянбаевтың тосыннан қойылған әзілді сұрақтарына қалай жауап береді? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:55-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу