Мейірман Нұрекеев – бойындағы барын өнерге сарқып беруден аянбаған актер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірман Нұрекеев – бойындағы барын өнерге сарқып беруден аянбаған актер

23.02.2016
Мейірман Нұрекеев – бойындағы барын өнерге сарқып беруден аянбаған актер

«Тамашаны» «Тамаша» еткен Құдайберген Сұлтанбаев, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеевтер сахнада өзара бір үйлесім тапқан өнер иелері еді. Олар сомдаған әрбір бейне көрерменнің көз алдында.

Көпшілік астарында терең ой, мән-мағына жатқан әзілдерді сағынғанда осы жандарды еріксіз еске алады. Ал,  Мейірман Нұрекеев бейнелеген образдар тым бөлек болатын.

«Мейірманның «Тамашадағы» шалдың рөліндегі кішкентай ғана «...Еее, мейілдерің, маған бәрібір ғой», деген бір ауыз  сөзімен де көп нәрсені білдіруге болады. Осы жағынан Мейірманның тектілігін көруге болады»,-деп еске алады ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Мейірман Нұрекеев Шепкин атындағы жоғары театр училищесін тәмамдаған. Ел ішінде актердің «Әкем», «Рахметке рахмет», «Қыздар институтынан басқа Алматыдағы барлық жоғары оқу орындарында оқыпты», деген әзіл сөзі кең тараған.

Бірнеше жоғары оқу орнына түсіп, ешқайсысын аяқтамаған жас жігіттің қалауы тек өнер болатын. Ресейдегі театр училищесіне баруға досы танымал режиссер Әубәкір Рахимов  кеңес берген еді.

«Сахнада басты рөлдерді сомдап, жарқырай көрінбесе де екінші, үшінші пландағы образдарды құлпыртып жіберетін еді», дейді әріптестері.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу