Қазақстан өмір сүру үшін ең қолайлы елдердің ондығына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан өмір сүру үшін ең қолайлы елдердің ондығына кірді

22.02.2016
Қазақстан өмір сүру үшін ең қолайлы елдердің ондығына кірді

Қазақстан өмір сүру үшін ең арзан елдердің ондығына кірді. Халықаралық агенттік елімізді Замбия мен Сауд Арабиясы арасындағы бесінші орынға жайғастырды.

GOBankingRates халықаралық агенттігі өмір сүру үшін ең арзан елдердің тізімін құрды. Біздің елімізге бұл рейтингтегі 5-ші орын бұйырды.

«Бесінші орын. 18,2 млн адам тұратын Қазақстан. Ресей және Қытаймен шекаралас.  Мұнай, көмір, темір кені сияқты елдің табиғи ресурстарының арқасында экономикасы дамып келеді.  Азық-түлік және тұтынушылық тауарлардың құны рейтингтегі өзге елдердің көпшілігімен салыстырғанда төмендеу»,  - делінген материалда.

Төртінші орын. Сауд Арабиясы. Үшінші орын - Косово. Екінші орын - Үндістан. Рейтингтің көш басында Оңтүстік Африка Республикасы тұр. Жұмыс істейтін және зейнетке шыққандар үшін ең арзан ел. Ең соңғы, 50-ші орынды агенттік Беларуссияға берді. Украина 24-орында болса, Ресей 39-орында.

Хабарламаларға жазылу