
Сол күні дүкенге келген халық ұйымдастырылған шарадан көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды жарқын әсер алып қайтты десе болады. Көрермендер мен сол күні дүкенге келген сатып алушылар бағдарламаның сүйкімді жүргізушісі Нұрбигүлмен бірге дүкен сөрелерінде тұрған ұн, ет, сұйық май, сүт, нан өнімдерімен жіті таныс болды.
Тележүргізуші дукеннің сатып алушыларымен бірге азық-түліктерді таңдап, өнімдердің пайдалы жақтарын айтып жатқанда, бағдарламаның студиясынан тікелей байланыста арнайы шақырылған қонақ аталған азық-түліктерден дәмді тағамдар әзірлеп, дайындау әдісі жөнінде кеңестерімен бөліседі.
Сонымен қоса, осы күні әрбір келген тұтынушы ұлттық өнімдердің артықшылқтары туралы өз білгендерімен ой бөлісіп, аспаз ретіндегі құпияларынан сыр шертеді. Түсірілім барысында, Нұрбигүл сатып алушылардың азық-түлік корзинасына көз жүгіртіп, тұтынушылардың «Қазақстанда жасалған» деген таңба басылған өнімдерге деген көзқарастарын білетін болады.
Бағдарлама барысында еліміздің аймақтық кәсіпорындарымен (СҚО-ғы «Зенченко» сүт зауыты, БҚО-ғы «Мартин» макарондық фабрикасы) тікелей эфир ұйымдастырылып, «Қазақстан» арнасының журналистері көрермендерді аталған азық-түліктің жасалу барысымен таныстырды.
Мұндай шаралардың мақсаты - бағдарламаға деген көрермендердің қызығушылығын арттыру ғана емес, сонымен қоса ұлттық өнімді қолдануда қоғамдық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Өйткені, Отандық өнім шетелдік өнімдердің алдында қашанда ерекше болады.
Еске сала кетейік, «Бірге таңдаймыз» бағдарламасы ойын-сауықтық және бір уақытта пайдалы бағдарлама ол және қысқа мерзімде өзінің көремендерін жинап, көпшіліктің сүйіп қарайтын бағдарламасына айналып үлгерді. Бағдарлама аясында шығармашылық топ тұрақты түрде отандық өңдірушілермен жұмыс істеп, олардың жұмыстарымен халықты таныстыруға тырысады.
«Бірге таңдаймыз» бағдарламасы мен «Қазақстан» арнасы бұдан әрі қызықты және пайдалы кеңестерімен бөлісіп тұруға дайын.
