Т. Дүйсенова: Вакцинадан бас тарту әрекеттері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды нашарлатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Т. Дүйсенова: Вакцинадан бас тарту әрекеттері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды нашарлатады

18.02.2016
Т. Дүйсенова: Вакцинадан бас тарту әрекеттері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды нашарлатады

Вакцинадан бас тарту Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды нашарлатады. Бұл туралы бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Инфекциялармен күресте вакциналар ең тиімді әрі қолжетімді екеніне тоқталған министр, Қазақстанның профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі 21 инфекциялық ауруға қарсы алдын алу шарасын қарастыратынын атап өтті. Халықты иммундау шаралары ақысыз жүргізіледі және жыл сайын 8 миллионнан астам адамға егіледі.

«Алайда, соңғы жылдары вакциналардан бас тартудың үрдісі артуда. Бұл өз кезегінде еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін», - деді Т. Дүйсенова.

Осы орайда министрлік тарапынан тиісті Жол картасы әзірленіп, оны жүзеге асыру биыл басталады. Онда вакциналау барысында туындайтын проблемаларды анықтау мен оларды жою қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу